Орта білім беру ұйымдарының педагогтері

комментариев 9

  1. Тамыз кеңесінде Кәсіби өсу, даму, ЖИ, зерттеу жұмысымен айналысу, білім алушыларға мамандық таңдауға бағыт бағдар беру сынды құнды ақпараттар берілді. Ұйымдастырушылар мен сипикерлерге үлкен алғыс білдіремін. Осындай тәжірибемен бөлісу семинарлар бола берсін.

  2. На секционной работе учителей начальных классов хотелось бы отметить, что все выступления докладчиков были современные и актуальные.

  3. Бүгінгі қоғам ұстаздардан тек білім беруді ғана емес, сонымен қатар құндылықты, жаңашылдықты, ізденісті талап етеді. Осы тұрғыда 2025 жылғы 18 тамыз күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің секциялық отырысы біз үшін кәсіби шабыт пен жаңа серпін көзіне айналды.
    Форум аясында қамтылған әрбір тақырып – мазмұны терең, заманауи талаптарға сай және педагогтің кәсіби дамуына нақты үлес қосатын бағыттармен ерекшеленді. Әсіресе, «Бастауыш сыныпта құндылықтар негізінде білім беру», «Ұлттық құндылықтың бастау көзі – ұлттық тәрбие», «Құндылыққа негізделген білім беру: адалдық, жауапкершілік және азаматтық», «Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығын ерте жастан дамыту: өзекті мәселелер мен тиімді әдістер», «Жаңа заман мұғалімі: кәсіби және тұлғалық талаптар», «Жеке бренд – кәсіби даму бөлігі» тақырыптарында қозғалған ойлар мен идеялар кәсіби дамуға тың жол ашты.
    Форум жұмысы барысындағы тағы бір маңызды бағыт – «TopIQ білім беру платформасының жаңартылған мүмкіндіктері» таныстырылып, цифрлық құралдарды тиімді қолданудың нақты жолдары ұсынылды. Сондай-ақ, «Инклюзивті мектеп: жауапкершілік пен миссия, даму және ілгерілеу» тақырыбында да маңызды мәселелер қозғалып, инклюзивті білім берудің мәні мен маңызына тереңірек үңілуге мүмкіндік алдық.
    Сонымен қатар, «Цифрлы педагог: құралдар, платформалар, дағдылар», «Инклюзия мен қолжетімді білім: баршаға тең мүмкіндік», «Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби өсуі: үздіксіз даму мен жаңашылдыққа қадам», «Адалдық мәдениеті – кәсіби дамудың өзегі» атты бағыттар аясындағы мазмұнды баяндамалар мен тәжірибелік ұсыныстар біз үшін құнды болды.
    Осындай ауқымды шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған Астана қаласы Әдістемелік орталығына және кәсіби даму жолында әрдайым бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп келе жатқан, жоғары білікті, тәжірибелі, ұстаздардың ұстазы атанған, жанашырлық пен қамқорлықты ұштастыра білетін құрметті әдіскеріміз — Нұржамал Кәрімбердіқызына шынайы алғысымды білдіремін. Әдіскеріміздің әрбір кездесуде білдіретін кәсіби кеңестері мен адами жылы қарым-қатынасы бізге зор мотивация мен сенім ұялатады.
    Форумнан алған әсеріміз мол, үйренгеніміз одан да көп. Осындай кәсіби алаңдардағы тәжірибе алмасу әрбір ұстазға өз ісіне жаңаша серпінмен кірісуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
    Құрметті Нұржамал Кәрімбердіқызы! Барша әріптестер! Сіздерге және отбастарыңызға амандық, денсаулық тілеймін. Жаңа оқу жылы шығармашылық шабыт пен табыстарға толы болсын!

  4. Форум показал, что нравственное воспитание является главным условием формирования честной и ответственной личности. Особое внимание уделялось сочетанию духовных ценностей с профессиональной подготовкой, что делает учащихся не только компетентными, но и социально зрелыми. Отдельно стоит отметить обсуждение роли искусственного интеллекта как современного инструмента обучения и преподавания: при правильном использовании он помогает раскрывать потенциал учащихся и поддерживать личностное развитие в духе честности и добропорядочности.

  5. Бүгінгі тамыз кеңесінде Жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу жолындағы тың тәжірибелеріңізбен, құнды ойларыңызбен бөліскендеріңіз үшін зор алғыс .

  6. Бүгінгі тамыз кеңесінің панельдік сессиясы өте жоғары деңгейде өтті. Өз тәжірибелерімен бөліскен әріптесімізге алғыс білдіреміз.

  7. Выступление учителей было очень содержательным и интересным, особенно молодых педагогов.

  8. Сегодняшняя встреча на пленарной части августовского форума прошел на высоком уровне. Разумное использование ИИ стоит очень остро. Учителям необходимо осваивать новые навыки работы с инструментами ИИ и адаптировать свои методики обучения. Благодарю организаторов 🙏💐. Дальнейших творческих успехов 👍🏻

Добавить комментарий для МуктарОтменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *